Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жулдыз ауылында. саулаушылар қабылданды.

Өткен аптада Жұлдыз ауылында болып, сайлаушыларды қабылдадым. Қабылдауыма келген адамдардың көтерген мәселелері жаз айларында мал табындарын ұйымдастыру, жайылымдық жер мәселесі сондай-ақ егістіктерді малдардың таптауы туралы болды. Көтерілген мәселелер бойынша ауылдық округ әкіміне ескертілді, осы апта ішінде ауылдық жиын өткізіп осы мәселелер талқыланатын болады. Сондай-ақ мектепте, ауылдық дәрігерлік пунктте болып ауыл ішін аралап өттім. Ауылдағы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне қойылған ескерткіш күтімсіз жағдайда, клуб үйінің жұмысы дұрыс жолға қойылмаған, ауыл ішінде қураған ағаштар көп, осы мәселе бойынша да ішкі саясат, мәдениет және тіллерді дамыту бөлімінің басшысы мен ауылдық округ әкіміне ескертілді. Аудан орталығынан Жұлдыз ауылына дейінгі жолдың екі жағына күл-қоқыс төгілген, тазалау және осы мәселе бойынша ауыл тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу ескертілді.

0
0
113

Осы тақырып бойынша

Жулдыз ауылында. саулаушылар қабылданды. - Yvision.kz