Жуалы мақтаныштары
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет екеніне өзіміздің киелі көк туымыз дәлел. Біздің туымыз әр кез желбіреген, биік белестерден көрсетіп жүрген бұл біздің мақтаныш саңлақ спортшыларымыз.
Бүгін «Біз сіздермен мақтанамыз» тақырып аясында облыстық саяси кеңесі мүшесі Сайлаубаев Руслан Бақытұлы Жуалы спортшыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Руслан Бақытұлы аудан мақтаныштарына өз жүрек жарды ақ тілектерін білдіріп, қолдау көрсетті.
