ЖОО жемқорлық жағдайы туралы студенттер пікірі зерделенді
«Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы аясында «Sanaly Urpaq» жобалық кеңсесі облыстың жоғары оқу орындарындағы жемқорлық жағдайын зерделеу мақсатында студенттер арасында сауалнама жүргізудің екінші кезеңін бастады.
2019 жылғы 29-31 мамыр күндері аталған сауалнамаға М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің, Батыс Қазақстан инновациялық технологиялар университетінің және Қазақстан инновациялар және телекоммуникациялық жүйелер университеті студенттері қатысып, өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.
