«ЖОО ашықтықты және айқындықты қамтамасыз ету жөніндегі жемқорлыққа қарсы стандарты»
2020 жылдың 10 маусым күні ZOOM қосымшасы арқылы М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың басшылығы мен әкімшілік бөлімі қызметкерлеріне «ЖОО ашықтықты және айқындықты қамтамасыз ету жөніндегі жемқорлыққа қарсы стандарты» тақырыбында онлайн-конференция ұйымдастырылды.
Онлайн-конференция жұмысына М.Өтемісов атындағы БҚМУ проректоры Т.М.Дәрішева, БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.И.Самет және университеттің әкімшілік бөлімі қызметкерлері қатысты.
Шара барысында ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар және 12-бабына сәйкес шектеулер қабылдаулар барысы талқыланды.
Аталған онлайн-конференциялар өз жалғасын табатын болады.
Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.
