Жолдау жауапкершілік жүктейді
Баршамызға белгілі ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан Респуб¬ли¬касының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақ¬стан: іс-қимыл кезеңі» атты биылғы Жолдауы еліміздің дамуының жаңа міндеттерін айқындап берді. Жолдау жүктеген маңызды міндеттердің ішінде халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыруға, ұлт сапасын арттыруға баса мән беру керектігі ерекше аталып өтті. Осы орайда бүгін аудандық партия филиалының мәжіліс залында білім саласының өкілдерімен Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» - атты Қазақстан халқына Жолдауындағы қолжетімді әрі сапалы білім бағытының ауданымыздағы орындалуы бойынша кездесу болып өтті. Аталмыш кездесуді «Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаева төрағалық жасап, жүргізіп отырды. Жолдаудағы қолжетімді әрі сапалы білім туралы ерекше айтылған жайттар да назардан тыс қалған жоқ. Ұлттың жаң болмысы туралы бөлімінде халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыру,тұтас ұлт сапасын арттыру туралы басымдыққа көбірек тоқталған. Кездесуде ауданымыздағы қолжетімді әрі сапалы білім бағытының орындалуы бойынша аудандық білім бөлімінің тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Ж.Жүргенова баяндама жасады.
