Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жолдауға қолдау

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған болатын. Сөз басында Президент елімізде ғана емес жер – жаһанды зор қауіп төндірген пандемияға қарсы жүргізілген күрестің әлі күнге дейін жалғасын табатындығын айтып өтті. Сонымен қатар, биылғы Жолдауда экономиканың негізгі бағыттарын дамытуға басымдық бере отырып, соның ішінде білім саласына да баса назар аударылды. Сондай-ақ әлеуметтік салаларды дамытуға, денсаулық сақтауға, спортқа және халықты әлеуметтік қорғауға қатысты мәселелер кеңінен қамтылды.Осы орайда, қазіргі кездегі күрделі жағдайда алдымызда тұрған басты міндет – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалу және дағдарысқа қарсы күрес, оның алдын алу шаралары қабылданып, атқарылатын жұмыстарға да тоқталды. Жолдау мемлекеттің қоғамдық-саяси өмірін жақсартуға, қоғамдық келісімді нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналды. Онда ұлттық экономика мен бизнесті қолдаудың, инфрақұрылымды дамытудың маңызды міндеттері, сонымен бірге халықтың бірқатар әлеуметтік мәселелерін шешу жолдары көрсетілді. Жолдаудағы тапсырмаларды толығымен қолдап, іске асыруға атсалысайық!

0
0
282

Осы тақырып бойынша

Жолдауға қолдау - Yvision.kz