Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жолдастық кездесу

2015 жылдың 02 шілдесінде Астана күні мерекесіне орай шағын футболдан Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мен Орал қаласы әкімдігінің қызметкерлері арасында жолдастық кездесу өтті.

Ойын жолдастық кездесу болса да, команда ойыншылары намыстықолдан бермеуді мақсат етті. Футбол басталысымен ойын қызатүсті. Орал қаласы әкімдігінің құрама командасы «әп» дегеннен шабуылға көшті. Алайда, Департамент командасының мықты қорғанысы сыр бермеді.1-шітаймда есеп ашылмады.

2-шітаймның бірінші жартысында үздіксіз шабуылдаған Орал қаласы әкімдігінің командасы, Департамент шабуылшысының қалай өтіп кеткенін байқаймай қалды. Есеп 1:0. Мән-жәйды ұққан Департамент командасы шабуылды күшейтті. Кеткен қатені қайта болдырмау мақсатында Орал қаласы әкімдігінің командасы сауатты қорғана бастады. Бірақ та, қарқынды шабуыл нәтижесінде Департамент командасы есепті еселеді. Іле-шала тағы бір гол соғылды. Жалпы есеп 3:0.

Алайда, командалардың басты мақсаты ұту емес. Мемлекеттік қызметшілер бос уақыттарын тиімді жұмсауға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға арнайды.

Кездесу соңында командалар қол алысып, бір-бірлерін алғыс хаттармен марапаттады. Мемлекеттік қызметшілер спортпен шұғылдану тәжірибесін одан әрі жалғастыратын болады.

0
0
593

Осы тақырып бойынша

Жолдастық кездесу - Yvision.kz