Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жолдардың сапасын жақсартамыз

Жол – әрбір қала өмірінің басты күретамыры.Тұрғындар үшін барлық ауылдарда сапалы және жақсы жолдар мен инфрақұрылым болуы тиіс.

«Nur Otan» партиясы елді мекенішілік және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуді шешетін болады. Біздің міндет – 2025 жылға қарай аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын 100% жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жеткізу.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

жалпы 96,6 шақырымдық аудандық және қалалық маңызы бар автомобиль жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етеді, оның ішінде:

- 2021 жылы 17,3 шақырым салынатын (қайта жөнделетін) автожол;

- 2022 жылы 41 шақырым орташа жөнделетін (5,1 шақырым жолды қайта құру, аудандық маңызы бар 24,8 шақырым жолды орташа жөндеуден өткізу, қалалық жолдардың 11,1 шақырымын орташа жөндеу) автожол;

- 2023 жылы 24,8 шақырым орташа жөнделетін (аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу) автожол;

- 2024 жылы 13,5 шақырым орташа жөнделетін автожол.

- Жібек жолы ауылдық округінде «Батыс Қытай – Батыс Европа» халықаралық көлік жолы арқылы Сауран ауылына кіретін жолға автожол көпірін салуға ықпал етеді.

Нәтижесінде 2025 жылы аудандық маңызы бар және қалаішілік жолдар 100% жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жетіп, оларды күтіп ұстау жолға қойылады.

0
0
146

Осы тақырып бойынша

Жолдардың сапасын жақсартамыз - Yvision.kz