Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жолдардың сапасы тексерілді

"Nur Otan" партиясы Кентау қалалық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының жұмыс жоспарына сәйкес "Мемлекеттік, үкіметтік және өңірлік бағдарламалардың іске асырылуын, сондай- ақ бюджет қаражатының тиімді пайдалануын бақылау мен мониторингтеуді жүзеге асыру" мақсатында жүргізілген жұмыстарға комиссия мүшелері қатысты. Комиссия төрағасы Т. Садуов және комиссия мүшелері, тапсырыс беруші Кентау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мамандарымен және мердігер өкілдерімен бірге Кентау қаласындағы Аблайхан, Алтынсарин және Әл Фараби көшелерінің жол жөндеу жұмыстары барысына бақылау жұмыстарын жүргізді. Аталған көшелердің жол жөндеу жұмыстарына комиссия мүшелері тарапынан тапсырыс беруші бөлімге және мердігер мекемелерге бірқатар анықталған кемшіліктерді жою мақсатында ұсыныстар берілді және бақылауға алынды.

0
0
199

Осы тақырып бойынша