ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Жолдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға он қадам.

2017 жылдың 24 наурызда жол полицейлері мен жол қозғалысының қатысушыларының қарым-қатынасын трансформациялауға арналған жолдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға он қадам жобасын іске асыру аясында жергілікті полиция қызметі қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталығымен кездесуі өтті.

Кездесуге сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталығының басшысы Т.Байгулов, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары А.Жұбаныш, БҚО ішкі саясат басқармасының басшысы Б.Нарымбетов, БҚО бойынша көліктік баықлау инспекциясының бөлім басшысы М.Ермеков және тағы басқалар қатынасты.

Іс-шара барысында «пара бермеу және алмау» қағидаты, адал қызметкерлерді көтермелеу, еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының іске асырылуы, жергілікті полицей қызметі қызметкерлерінің әлеуметтік мәселелері және т.б. талқыланды.