Мазмұнға өту

"Жолда қабылдау акциясы"

Алакөл ауданының полиция бөлімі ағымдағы жылдың шілде айының 16-17 күндерінде барлық карантиндік нормаларды сақтай отырып кең көлемде " Жолда қабылдау " акциясын өткізеді . Аудан тұрғындарымен кездесуде полиция бөлімінің бастығы , оның орынбасарлары , Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі , Әкімшілік полиция бөлімшесі жол - техникалық инспекция бөлімшесі және де көші - қон қызметі тобының қызметкерлері арнайы орындарда халықты жеке қабылдайды .

Акция барасында халыққа ішкі істер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтерді алу кезінде кәсіпкерлер мен тұрғындар үшін шығындарды қысқарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы , оның ішінде электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы , сондай - ақ , онлайн режимінде айыппұлды қарау және төлеу , полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану тәртібі туралы құқықтық кеңестер беріледі .

« Жолда қабылдау » акциясы Алакөл ауданы Ушарал қаласы Қонаев көшесі " Достық " сауда орталығының алдында өткізіледі .

Алакөл АПБ бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қ.Е.Ақбасов

0
0
278

Осы тақырып бойынша

"Жолда қабылдау акциясы" - Yvision.kz