Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Жолда қабылдау!»

2019 жылдың 27 тамызында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, Батыс Қазақстан кәсіпкерлер палатасы, көліктегі бақылау инспекциясы қызметкерлерімен бірге Орал-Атырау тас жолында «Жолда қабылдау» акциясын өткізді. Акция мақсаты жолда жүк тасымалдау кезіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады. Акция кезінде жүргізушілерге сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардын алдын-алу, жүктерді тасымалдау кезінде бақылаушы органдардың лауазымды адамдарына пара беру фактілерінің алдын алу маңыздылығы түсіндірілді.

1
0
327

Осы тақырып бойынша