Жолаушы сұранысына сай.
Ақтөбе мен Алматы арасында жайлылық деңгейі жоғары №33-34 пойызы қатынай бастады. Бірінші құрамы жолға шыққан "Батыс" жолаушы пойызы халықтың жайлы, сапалы және қауіпсіз тасымалға деген сұранысына жауап беретін қатынас құралы болды. Пойыз отандық "Ремпассажирвагон-2" кәсіпорында қайта жөндеуден өткен "Жолаушылыр тасымалы " АҚ- ның вагондарынан құрастырылған. Жөндеу жұмыстары кезінде жолаушылар ұсыныстары ескеріліп, вагонның ішкі және сыртқы дизайына үлкен көңіл бөлінген. Нәтижесінде барлық вагондар жұмсақ әрі ыңғайлы орындарымен жабдықталып,DVD-ойнатқыштары бар теледидарлар қойылған. Мұнда жолаушыларға шахмат,нард ойындары мен газет- журналдардың жаңа номерлері ұсынылады. Сондай-ақ тоңазтқыш камераларын, қысқа толқынды пеш пен сейфті пайдалана аласыз.СВ,купе және плацкарт вагондары бар пойыздың вагон-мейрамханасында тағамның әр түріне тапсырыс беріп, түскі немесе кешкі тамақты купеге алғызу мүмкіндігі қарастырылған.
