Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жол жөндеу жұмыстары

Алматыда 250 мың шаршы метр жол жөндеу жоспарлануда. Бостандық ауданында орналасқан магистралды жолдар Абай даңғылы, Әл-Фараби даңғылы, Тимирязев сынды көшелеріне ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Кеше "Nur Otan" партиясы Бостандық аудандық филиалы төрағасы Алтай Рахимбетов және төрағаның бірінші орынбасары Баймурат Жамбылов жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан орындарға барып қайтты. Аудан әкімі Алтай Рахимбетов ағымдағы жөндеу жұмыстарын жіті бақылауды аудандағы Партиялық бақылау комиссиясының құзырына ұсынды.

0
0
201

Осы тақырып бойынша