Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жол құрылысы назарға алынды

Бостандық ауданы жол-көше желісін ауқымды жөндеу жұмыстарын қарқынды жүргізіп келеді. Оған ауа-райының қолайлылығы себеп болса, екінші жағынан жұмысшылардың тынымсыз еңбегінің арқасы. Бүгінгі күнге дейін 23 көшенің 527 ден аса аққаулар, 261 люктер ашылып , ой-шұңқырлар жойылды.

Күн сайынғы жөндеу жұмыстарына «ДСУ-13» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 5 бригадасынан 50-ден астам жұмысшы, 18 арнайы техника бірлігі жұмылдырылды.

Сондай-ақ, Бостандық ауданы әкімі А.Рахимбетовтің тапсырмасымен «Nur Otan» партиясы Бостандық аудандық филиалы Партиялық бақылау комиссия мүшелері жол құрылысының сапалы жүргізілуі мен уақытымен орындау жүйесін бақылауда ұстауда.

0
0
215

Осы тақырып бойынша

Жол құрылысы назарға алынды - Yvision.kz