Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Жол-патрульдік полициясы мен жол қозғалысы қатысушыларының тікелей байланысын төмендетудің актуалды аспектілері: проблемалар және шешу жолдары»

2017 жылдың 12 мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен бекітілген қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2017 жылға арналған Кешенді жоспары аясында «Жол-патрульдік полициясы мен жол қозғалысы қатысушыларының тікелей байланысын төмендетудің актуалды  аспектілері: проблемалар және шешу жолдары» тақырыбында облыстық конференция өткізілді.

Конференция жұмысына «Ақжол» шағын және орта бизнесті қолдау қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық «ЖАҢАРУ» қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан облыстық филиалы,Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталықтың Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы,үкіметтік емес ұйымдар, депутаттар, жергілікті полиция қызметі, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Конференция барысында «Жол-патрульдік полициясы мен жол қозғалысы қатысушыларының арасында болуы мүмкін сыбайлас жемқорлық тәуекелдері»,  «Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеудегі үкіметтік емес ұйымдардың рөлі», «Жолдарда сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету бойынша 10 қадам», «Жергілікті полияция қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері» тақырыптарында баяндамалар оқылды.

Конференция шеңберінде қатысушылар өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.

 
0
0
752

Осы тақырып бойынша