ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Жол мәселесі бойынша

2020 жылы 42,3 млрд. теңгеге 436 шақырым жол жөнделді. Өткен жылы Казталов ауданы мен Орал қаласын байланыстыратын жол толығымен жөнделіп, пайдалануға берілді. Бұл пайдалануға берілген кезекті жол бөлігі болғанымен, осы кезге дейін жол азабын шегіп келген аудан тұрғындары үшін өткен жылы атқарылған маңызды істердің бірі.

Осы жылы Жәнібек, Бөкейордасы аудандарын облыс орталығымен байланыстыратын жолдарды жөндеуді жалғастыруға республикадан 20 млрд. теңге қаражат бөлініп, 129 шақырым жол салынатын болады.

Сонымен қатар, тұрғындар көтеріп жүрген мәселелердің бірі - Атырау-Орал тас жолын реконструкциядан өткізу. Бүгінгі таңда аталған жол жиегін ұзарту үшін жобалық-сметалық құжаттама жасауға қаражат қарастырылды.

Өткен жылы облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу үшін 12,7 млрд. теңге қаражат жұмсалып, 192 шақырым жол жөнделді. 2021 жылы осы бағытта 220 шақырым жолды жөндеу жоспарлануда.

Облыста елдімекендердің жолдарын жөндеу бойынша да айтарлықтай жұмыс атқарылған. Өткен жылы 101 шақырым ауылішілік жолдар жөнделді. Бұл соңғы 5 жылдағы ең жақсы көрсеткіш.