Жол картасында белгіленген міндеттердің орындалуына партиялық бақылау жүргізу
"Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын Жәнібек ауданында іске асыру жөніндегі Жол картасында белгіленген міндеттердің орындалуына партиялық бақылау жүргізу мақсатында «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев, аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов және партия жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелерінің қатысуымен Жәнібек-Таловка-Кіші Өзен автожолдын орташа жөндеу жұмыс процесімен танысты. Мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесінде мердігер «РСУ-1» ЖШС болып анықталған. Техникалық қадағалаушысы «Компания Құрылыс Көмек» акционерлік компаниясы белгіленген. Жөнделетін автобильдік жолдың ұзындығы 25 шақырым. Құрылыс қарқыны жақсы жүріп жатыр, жөндеу жұмыстарының аяқталуы жылдың аяғына жоспарланған.

