Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жобалық топтарға стейкхолдерлерді басқару жоспарын құру үйретілді

2019 жылдың 25 қаңтарда Облыстық маслихаттың кіші мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы базасында «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасыныңжобалық топтарының мүшелеріне «Жобаларды басқару негіздері» тақырыбы бойынша оқыту ұйымдастырылды.

ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының БҚО бойынша филиалының директоры Ж.Даухарин оқуға қатысушыларға Жобалық басқарудың ұйым қызметіндегі ролі мен мәнін, стейкхолдерлер болжамының типологиясы және оларды басқару, стейкхолдерлерді басқару жоспарын жасау, жоба тәуекелдерін анықтау, жобаны басқару және эксперттік әдіс бойынша бағалау туралы дәріс берді.

Сонымен қатар ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының БҚО бойынша филиалының білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру және ілгерілету кабинетінің меңгерушісі Л.Нарушева Иерархиялық құрылымды, жоба жоспарының құрамын жасау және құру, критикалық жол әдісі, гантт диаграммасын құру және жауапкершілік матрицасы туралы оқуға қатысушыларға түсіндірді.

0
0
463

Осы тақырып бойынша