Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жобалық кеңседе несие мерзімін кешіктіруге жол бермеу жолдары түсіндірілді.

‼️«Орал ӘКК» АҚ және «Қазақстан Халық жинақ Банкі» АҚ БҚО филиалының өкілдері несие мерзімін кешіктіруге жол бермеу жолдарын түсіндірді.

❗️2019 жылы 29 қазанда «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінде Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының тұрғыны, көп балалы ана Г.Курмангалиеваның жүгінуі негізінде жиын өткізілді.

📍Отырыс жұмысына «Орал ӘКК» АҚ бас менеджері А.Казиханов, «Қазақстан Халық жинақ Банкі» АҚ БҚО филиалының сатудан кейінгі қызмет көрсету бөлімінің басшысы Л. Ажиева, өтініш иелері Г.Курмангалиева және С.Елекенов қатысты.

📌Жиында С.Елекенов 2014 жылы «Әселхан» несие серіктесігі құрамында мал шаруашылығын дамыту мақсатында «Орал ӘКК» АҚ арқылы қаржыландырылған несие алып, несиелік төлемдерді денсаулығына, жұмысының мерзімділігіне байланысты кешіктіріп алғандығын, осыған байланысты қосымша «Қазақстан Халық жинақ Банкі» АҚ қосымша тұтынушылық несие алып жабуға тырысқанын алға тартты.

🔴Салдарынан сот ісі қозғалып орындаушылық парағы жұмыс орнына жіберіліп, жалақысының 100 пайызы ұсталуынан қиын жағдайға тап болып отыр.

📌Уәкілетті мекеме өкілдері мәселені жан жақты талқылап, өтініш иелеріне берешектің мерзімін өткізіп алу себебін, ағымдағы кірістердің және басқа да куәландыратын мән-жайларды көрсете отырып жазбаша жүгіну туралы кеңес беріп, ұсынылған құжаттар негізінде мәселені шешу жолдарын қарастыратынын алға тартты.

📌 Облысымыздың 1000 аса тұрғындары «Орал ӘКК» АҚ алған несиелерін түрлі себептермен уақытылы төлей алмай екінші деңгейдегі банктерден тұтынушылық несие алып жабуға тырысатынын, нәтижесінде осындай қаржылық қиын жағдайға тап болады.

📍Аталғандарды ескеріп, жобалық кеңсемен «Орал ӘКК» АҚ-на несиелерін түрлі себептермен уақытылы төлей алмай, қара тізімге ілінген борышкерлерді екінші деңгейдегі банктер көріп, несие бермес бұрын тиісті шешімдер қабылдау үшін, Мемлекеттік несие бюросы базасына енгізу ұсынылды.

✅Сонымен қатар, несиелерін түрлі себептермен уақытылы төлей алмай жүрген тұрғындарды «Орал ӘКК» АҚ-на тиісті құжаттарды ұсына отырып жазбаша жүгінуге кеңес береміз.

‼️«Oral ÁKK» AQ jáne «Qazaqstan Halyq jınaq Bankі» AQ BQO fılıalynyń ókіlderі nesıe merzіmіn keshіktіrýge jol bermeý joldaryn túsіndіrdі.

❗️2019 jyly 29 qazanda «Aqjaıyq – Adaldyq Alańy» jobalyq keńsesіnde Batys Qazaqstan oblysy Oral qalasynyń turǵyny, kóp balaly ana G.Kýrmangalıevanyń júgіnýі negіzіnde jıyn ótkіzіldі.

📍Otyrys jumysyna «Oral ÁKK» AQ bas menedjerі A.Kazıhanov, «Qazaqstan Halyq jınaq Bankі» AQ BQO fılıalynyń satýdan keıіngі qyzmet kórsetý bólіmіnіń basshysy L. Ajıeva, ótіnіsh ıelerі G.Kýrmangalıeva jáne S.Elekenov qatysty.

📌Jıynda S.Elekenov 2014 jyly «Áselhan» nesıe serіktesіgі quramynda mal sharýashylyǵyn damytý maqsatynda «Oral ÁKK» AQ arqyly qarjylandyrylǵan nesıe alyp, nesıelіk tólemderdі densaýlyǵyna, jumysynyń merzіmdіlіgіne baılanysty keshіktіrіp alǵandyǵyn, osyǵan baılanysty qosymsha «Qazaqstan Halyq jınaq Bankі» AQ qosymsha tutynýshylyq nesıe alyp jabýǵa tyrysqanyn alǵa tartty. Saldarynan sot іsі qozǵalyp oryndaýshylyq paraǵy jumys ornyna jіberіlіp, jalaqysynyń 100 paıyzy ustalýynan qıyn jaǵdaıǵa tap bolyp otyr.

🔴Ýákіlettі mekeme ókіlderі máselenі jan jaqty talqylap, ótіnіsh ıelerіne bereshektіń merzіmіn ótkіzіp alý sebebіn, aǵymdaǵy kіrіsterdіń jáne basqa da kýálandyratyn mán-jaılardy kórsete otyryp jazbasha júgіný týraly keńes berіp, usynylǵan qujattar negіzіnde máselenі sheshý joldaryn qarastyratynyn alǵa tartty.

📌 Oblysymyzdyń 1000 asa turǵyndary «Oral ÁKK» AQ alǵan nesıelerіn túrlі sebeptermen ýaqytyly tóleı almaı ekіnshі deńgeıdegі bankterden tutynýshylyq nesıe alyp jabýǵa tyrysatynyn, nátıjesіnde osyndaı qarjylyq qıyn jaǵdaıǵa tap bolady.

📍Atalǵandardy eskerіp, jobalyq keńsemen «Oral ÁKK» AQ-na nesıelerіn túrlі sebeptermen ýaqytyly tóleı almaı, qara tіzіmge іlіngen boryshkerlerdі ekіnshі deńgeıdegі bankter kórіp, nesıe bermes buryn tıіstі sheshіmder qabyldaý úshіn, Memlekettіk nesıe bıýrosy bazasyna engіzý usynyldy.

✅Sonymen qatar, nesıelerіn túrlі sebeptermen ýaqytyly tóleı almaı júrgen turǵyndardy «Oral ÁKK» AQ-na tıіstі qujattardy usyna otyryp jazbasha júgіnýge keńes beremіz.

0
0
265

Осы тақырып бойынша

Жобалық кеңседе несие мерзімін кешіктіруге жол бермеу жолдары түсіндірілді. - Yvision.kz