Жобалық кеңседе кезекті азаматтарды қабылдау өтті
2019 жылы 05 маусымда "Ақжайық - Адалдық Алаңы " жобасының кураторы Г. Оспанқұлов және жобалық кеңсенің басшысы А. Салиева Орал қаласы әкімінің орынбасары, Орал қаласының білім беру бөлімінің, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің, БҚО білім беру, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының және БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшыларымен бірге жобалық кеңседе азаматтарды қабылдады. Сұрақтар тыңдалып, тиісті түсініктемелер беріліп, құқықтық көмек көрсетілді. Азаматтардың өтініштерін жедел және сапалы қанағаттандыру үшін уәкілетті органдардың басшыларына азаматтардан түскен мәселелерді шешу бойынша тиісті тапсырмалар берілді.
