«Жоғары білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды дамыту» атты дөңгелек үстел
2017 жылдың 28 сәуір күні М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да құқықтық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Жоғары білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды дамыту» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы рухани-адамгершілік, азаматтық тәрбиелеу, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру және т.б. мәселелер талқыланды.
Дөңгелек үстел жұмысына мемлекеттік органдардың өкілдері және университет оқытушылары және студенттері қатысты.
