ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Жоғарғы білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жалпы қабылдамау мәдениетін қалыптастыру

2017 жылдың 17 ақпанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен «Жоғарғы білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жалпы қабылдамау мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында аумақтық бөлімшелермен бейнебайланыс арқылы семинар-кеңес өткізілді.

Батыс Қазақстан облысында семинар-кеңес жұмысына Департамент басшылығы, ЖОО басшылары, ғалымдар, профессорлар, магистрлер және жастар ұйымдарының көшбасшылары қатысты.

Семинар-кеңесте қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру және жоғарғы оқу орындары жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту және тәрбиелеу сұрақтары талқыланды.

Шара барысында республика бойынша семинарға қатысушылар тәжірибелерімен пікір алмасты.  Жұмыстарды қорытындылаған соң, Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Исақов Б.Ә. Департамент облыстағы оқу орындарымен белсенді ынтымақтасып келетіндігін және осы бағытта әдістемелік көмек көрсетуге әрдайым дайын екендігін атап өтті.