Жітіқара және Қамысты аудандарында түсіндіружұмыстарын жүргізу
Ағымдағы жылдың 12-13 қыркүйек күндері Департамент ауылшаруашылық жұмысшыларының салалық кәсіподағының Қостанай филиалымен бірлесіп ветеринарлық станцияның, аумақтық инспекцияның, ветеринария бөлімінің, Жітіқара ауданының «Степное» ЖШС-нің, «Ақкөл» ЖШС-нің, «Агрофирма «Қарабатыр» ЖШС-нің, аумақтық инспекцияның, Қамысты ауданының ветеринариялық станциясының еңбек ұжымдарымен ҚР зейнетақы және еңбек заңнамаларындағы өзгерістерді, ҚР азаматтарының борыштық жүктемесін азайту бағдарламасын түсіндіру бойынша кездесулер өткізді.
Әлеуметтік мәселелер жөніндегі басшының орынбасары А. Сатаева зейнетақы заңнамасындағы негізгі өзгерістер, әлеуметтік саладағы мемлекеттік қолдау көрсету, жеңілдіктер мен жәрдемақылардың өзге түрлерін ұсыну, сондай-ақ қарыз жүктемесін төмендету туралы айтты.
Барлық қойылған сұрақтар қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсіндірілді.
12-13 сентября т.г. департаментом совместно с Костанайским филиалом отраслевого профсоюза работников сельского хозяйства проведены встречи с трудовыми коллективами ветеринарной станции, территориальной инспекции, отдела ветеринарии, ТОО «Степное" Житикаринского района, ТОО «Акколь», ТОО «Агрофирма «Карабатыр», территориальной инспекции, ветеринарной станции Камыстинского района по разъяснению изменений в пенсионном и трудовом законодательствах РК, программе снижения долговой нагрузки гражданам РК.
Заместитель руководителя по социальным вопросам А.Сатаева рассказала об основных изменениях в пенсионном законодательстве, предоставления государственной поддержки в социальной сфере, предоставлению иных видов льгот и пособий, а также касательно снижения долговой нагрузки.
На все заданные вопросы были даны разъяснения в соответствии с действующим законодательством.
