Мазмұнға өту

Жіппен қылғындырып өлтірген. Алматыда суицид жасаған әйелге қатысты жаңа деректер шықты

Кеше Алматының Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы үлкен айналмалы шеңберден бір әйел құлап өлген болатын. Ол осылай суицид жасаған делініп отыр.

Фото: miktrip.com


Осы сұмдық оқиғадан кейін Алматы облысының полицейлері алты жасар қыздың денесін тапқан. Тергеу мәліметі бойынша, бүлдіршіннің 40 жастағы анасы Юлия С. өз үйінде қызын жіппен қылғындырып өлтірген. Бұл оқиға сағат 10:00-де болыпты.

Анасы мен қызы Алматы түбіндегі Өтеген батыр ауылында тұрған екен. Бүлдіршін психикалық дертпен ауырған.

Кішкентай қыз өлгеннен кейін екі сағат өткен соң әйел қаладағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында өз-өзіне қол салды. Қазір Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігі (Жас баланы өлтіру) бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.      

0
0
191

Осы тақырып бойынша

Жіппен қылғындырып өлтірген. Алматыда суицид жасаған әйелге қатысты жаңа деректер шықты - Yvision.kz