«Жібек терапиясы» СЭС стилінде
БҚО бас санитарлық дәрігері Р. А. Кубатаев өз қатарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға бағытталған жұмыстарды «Жібек Терапиясы» деп атап өтті.
2019 жылғы 20 қарашада БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.И.Самет пен БҚО тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің (бұдан әрі - Департамент) басшысы Р.А.Кубатаевтың қатысуымен Департаменттің бөлімдері мен құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесуге «Орал қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы» ММ бөлім басшысына қатысты пара алу фактісі бойынша аяқталған қылмыстық іс бойынша ҚПК-нің 200-бабы тәртібінде енгізілген қылмыстық құқық бұзушылықты және басқа да заң бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен жағдайларды жою бойынша ұсыныс себеп болды.
Н.И.Самет атап өткендей, ресторан директоры мен лауазымды тұлға арасындағы сөйлесулердің стенограммасында тексеру қорытындысы бойынша оң қорытынды шығару үшін пара алу туралы алдын ала келісу және әрі қарай қамқорлық жасау фактісі тіркелген.
Сонымен қатар, қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды, себебі қылмыстық құқық бұзушылықтан ерікті түрде бас тарту орын алды, яғни пара алушы одан әрі ақшалай қаражат алудан бас тартты.
Алайда, сотқа дейінгі тергеу органы лауазымды тұлға ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 50 бабы мен ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің Этикалық кодексінің нормаларын бұзуға жол берді және мемлекеттік қызметке кір келтіретін іс-әрекеттер жасаған деп есептейді.
Осыған байланысты, Департамент басшылығына лауазымды тұлғаның болашақта жұмыс орнында қалуын қарастыру ұсынылды.
Сонымен қатар, қатысушыларға әңгіме барысындағы бейне-ролик ұсынылды.
Баяндалғанды ескере отырып, Кубатаев: «...жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, медициналық тілде айтқанда, департамент қызметкерлері үшін «Жібек Терапиясы» ретінде... Біз бұл қызметкерді қызметтен босату туралы мәселені объективті және заңды түрде қарастырамыз және ресми түрде жауап береміз...», - деп атап өтті.
