Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жезқазған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидаттар...

Жезқазған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Раушан Қапарова, Эльвира Алпанбаева мен Үміт Жасынбекова үгіт-насихат жұмыстары аясында канвассинг кездесу ұйымдастырды.

Нәзік жанды кандидаттар бұл жолы кәсіпкер Райля Хаджимуратпен кездесіп, "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын талқылады. Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруды алдыңғы қатарға қойған жетекші партия шағын және орта бизнесті қолдаудың жаңа тетіктерін жоспарлаған. Атап айтар болсақ, алдағы жылдары кәсіпкерлікті дамыту үшін көптеген мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асып, олардың қолжетімділігі қамтамасыз етілмек. Жеке кәсіпкерді жаңа мүмкіндіктермен таныстырған кандидаттар 10 қаңтарда "Nur Otan" партиясын қолдауға шақырды.

@nur_otan @baibekbk @arman_kyrykbayev @jas_otan @elnurbeisenbai

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
171

Осы тақырып бойынша