ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Жетісу ауданының" Байсат " базарында ҚР Парламенті депутаттарының кездесуі

Бүгін ҚР Мәжіліс депутаттары , «Nur Otan» фракциясының мүшелері С.Адамбаев, Қ.Нуров Жетісу ауданының" Байсат " базарында ҚР Парламенті депутаттарының жастар және базар қызметкерлерімен кездесіп, сұхбаттасты. .Кездесу барысында базар қызметкерлері тарапынан біқатар сұрақтар қойылды.

1. Кеденде тауарлар ұзақ мерзімге кешіктіріледі.

2. Кеден жұмысы 5 күндік болғандықтан, кеденде тауарларды сақтау үшін демалыс күндері қосарланған салық алынады.

3. Базар жанындағы Москвин көшесімен Рысқұлов көшесіне дейін біржақты қозғалыс болуына өтініш білдірді.

Барлық ұсынылған мәселелер алдағы уақытта Мәжіліс депутаттары назарында болып, одан әрі қарастырылатын болады.

«Байсат» базары нарықта 2009 жылдан бастап жұмыс істейді. Контейнерлер саны 1580.Сауда орталығында сауда орындарының саны 250. Жұмысшылармен жалға алушылар саны шамамен 3000 адамды құрайды. Контейнердің орташа жалдау ақысы 40 тонна-60 000 тонна. Сауда орталығында жалға беру бағасы ш.м. 2000 теңге.