Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс екінші сессиясы қашықтықтан өтті.

Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс екінші сессиясы қашықтық режимінде өтті

2021 жылғы 4 ақпанда сағат 12.00-де жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс екінші сессиясы қашықтық режимінде өткізіліп, сессияға депутат Н.Әбішов төрағалық етті.

Облыстық мәслихат сессиясының күн тәртібіне мына мәселелер енгізілді:

1. Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

2. Түркістан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы;

3. Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына Түркістан облысының құрамында құрылатын жаңа ауданға атау беру туралы ұсынысты енгізу туралы;

4. «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы №14/172-VI «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

5. Түркістан облысының елді мекендерінде қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекіту туралы;

6. Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 29 мамырдағы №49/515-VІ «Облыстық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

7. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның дербес құрамын бекіту туралы;

8. Түркістан облысының әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің құрамын бекіту туралы;

9. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі №42/449-VI «Түркістан облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

10. Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №54/571-VI «Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылға арналған жұмыс жоспары туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Аталған мәселелерді қарау нәтижесі бойынша облыстық мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады.

0
0
230

Осы тақырып бойынша

Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс екінші сессиясы қашықтықтан өтті. - Yvision.kz