Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жергілікті мәслихат депутаттағы үміткерлерінің «№6 Қалалық емхана» ұжымымен кездесуі

«Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласынан жергілікті мәслихат депутаттағына ұсынылған үміткерлердің «№6 Қалалық емхана» ұжымымен үгіт-насихат онлайн кездесуі өтті.

Кездесуге Байсеркина Динара Сәтжанқызы - №6 қалалық емханасының бас дәрігері, Сүлейменов Ерлан Мельсұлы – ЖШС «КДЛ ОЛИМП» бас директоры және Уразалина Динара Аманболқызы – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық ауруханасының директоры қатысты.

Кездесу барысында үміткерлер медицина өкілдерімен тиімді диалог құра алды, олар өз қажеттіліктері туралы айтты. Олардың ұмтылыстарын естіген үміткерлер, өз кезегінде, сайлауалды бағдарламаны іске асыру аясында партияның алдағы жоспарларымен бөлісті. Көптеген тармақтар отандық дәрігерлердің өзекті мәселелерін шешуге бағытталғандығы қуантады.

Осы тақырып бойынша

Жергілікті мәслихат депутаттағы үміткерлерінің «№6 Қалалық емхана» ұжымымен кездесуі - Yvision.kz