Жергілікті атқару органдарының құзыреті
Айыртау ауданының №2 аудандық сотында «Жергілікті атқару органдарының құзыреті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Соның барысында жаңа Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің кейбір ережелері талқыланды.Осы іс-шараға Айыртау ауданының №2 аудандық сотының судьялары мен мамандары, Айыртау ауданының №2 ҚАИ инспекторы, «Арықбалық селолық округі» ММ-нің мамандары, Солтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының адвокаты қатысты.
Айыртау ауданының №2 аудандық сотының судьясы А.С. Парманов өз баямандасында, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі мекемелерден босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ оларға Қазақстан Республикасының жаңа заңнамасына сәйкес әлеуметтік және өзге де көмек көрсетеді.
Айыртау ауданының №2 ҚАИ инспекторы С.С. Жанахметова жаңа заңнама бойынша сотталғандардың жазасын өтеу ережелері жөнінде баяндады.
Аталмыш іс-шара барысында 2015 жылғы 1 қаңтарда заң күшіне енген қылмыстық-атқару кодексі бойынша негізгі мәселелер талқыланды.
Іс-шара соңында семинарға қатысушылар болашақта жұмыста қолдану үшін ұсыныстар әзірледі.
