Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жер мәселелері жөніндегі семинар

Мемлекет басшысы өзінің 2018 жылдың 5 қазанындағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатынң өмуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына Жолдауында жер қатынастарына қатысты процедуралардың артық бюрократизацияланғандығын айты.

Сондай-ақ, Жолдауда азаматтар мен бизнестің осы саладағы ақпаратқа толық қол жеткізбеуі және ашықтығының болмауы мәселесі де атап көрсетілді.

Ағымдағы жылы 15 қарашада Департаментпен, сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін аталған себептер мен жағдайларды болдырмау мақсатында, сондай-ақ азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру үшін республиканың барлық өңірлерінде жер мәселелері бойынша Орал қаласында тегін семинар өткізілді.

Семинар барысында дәріскер Агенттіктің Республикалық арнайы мониторингтік тобының мүшесі, белгілі қоғам қайраткері, жер қатынастары мәселелері жөніндегі жетекші сарапшылардың бірі, жер қатынастары, заң және сот бойынша тәжірибесі мол кәсіби адвокат – Бақытжан Базарбек жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін беру, жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту, жерге орналастыру үдерісі, жер учаскелерін сегменттеу, игерілмеуіне және нысаналы пайдаланылмауына байланысты, сондай-ақ мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою, өз бетімен құрылыс, жер учаскелерін, шекара салу, су қорғау аймақтары мен белдеулері, қызыл желілер, санитарлық-қорғау аймақтары, жер учаскелерін заңсыз басып алу, рейдерлік мәселелерін түсіндіріп, тұрғындардың жер мәселелер бойынша сұрақтарына кеңес берді.

0
0
377

Осы тақырып бойынша

Жер мәселелері жөніндегі семинар - Yvision.kz