Жер кадастры және жылжымайтын мүлік бойынша Аягөз аудандық бөлімінің ұжымымен кездесу
«Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Е.Сабитов және аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Қ.Досиханов "Азаматаррға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес АҚ-ның ШҚО бойынша филилының жер кадастры және жылжымайтын мүлік бойынша Аягөз аудандық бөлімінің ұжымымен кездесті. Кездесу барысында партиялықтар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басты бағыттары жөнінде айтып өтті. Үміткерлер елді мекен тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Бағдарламаның халық үшін тиімді, экономика мен өңірлердің орнықты дамуы үшін барлық мүмкіндігі бар әл-ауқатты қоғамды бірге құруға бағытталғанын айтып, сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.

