Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру балалардан басталады

Дені сау ұлт – әр мемлекеттің стратегиялық маңызды мәселесі, ал балалардың денсаулығы әрқайсының байлығы.

Ағымдағы жылғы 10 қыркүйекте Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті, Облыстық балалар стоматологиялық емханасы мамандарына семинар өткізді.

Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің қызметкерлері, кездесуге қатысушыларды 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі бағыттары, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары: заманауи мемлекет барлығы үшін» бастамасы, Департамент қызметінің мақсаты, облыс тұрғындары арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды.

Шара барысында, дәріс берушілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер, жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарастырылған жауапкершіліктің күшейтілуі туралы мағлмұат берді, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жөніндегі мәселелер талқыланды және Департаменттің әлеуметтік желілердегі аккаунттары, сондай-ақ «СҚО кәсіпкерлігін қорғау», «СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум-алаңы» және облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ресми сайты таныстырылды.

Кездесу соңында жемқорлыққа қарсы бейне роликтер көрсетіліп, емхана қызметкерлері арасында әлеуметтік сауалнама жүргізілді.

0
0
497

Осы тақырып бойынша

Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру балалардан басталады - Yvision.kz