Желтоқсан жаңғырығы – жадымызда»
07 желтоқсан күні «Желтоқсан жаңғырығы – жадымызда» атты Қапшағай өңірінің желтоқсаншыларымен кездесу мен «Әлем Халықтары Жазушылары Одағының Антологиясы» атты кітабының тұсау кесер кеші шарасы өткен болатын.
Әлем Халықтары Жазушылары Одағының Антологиясы» кітабының құрастырушылары: әдебиет зерттеушісі, ХҚТБ Халықаралық жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан жас жазушылары және өнер шеберлері Ассоциациясының жетекшісі, Әлем халықтары жазушылары одағының Президенті Гүлхан Айтақынқызы мен ақын, публицист, Әлем Халықтар жазушылары Одағының мүшесі «Патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы облысының төрағасы Ізтілеу Тойшыбайұлы Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары Б.Ф.Дүйсенбаев пен «Қапшағай қаласының қалалық кітапханасы» КММ директоры Н.Х.Кенжебековаға «Әлем Халықтары Жазушылары Одағы» атынан алғыс хат табыстады.
#Тәуелсіздікке_30_жыл
#Ұлттықмұра
#Кедергісізкелешек
#Бақыттыотбасы
#Ардагерлердіардақтайық
