Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Желтоқсан-Жаңаөзен құрбандарын еске алайық!

Құрметті алматылықтар!

16 желтоқсан – Қазақстан үшін ұлттық қасірет күні. 1986 жылы қазақ жастары кеңестік тоталитарлы жүйеге қарсы шығып, наразылықтарын білдіргендері үшін диктаторлық режимнің күшімен аяусыз жаншылған еді. Биыл Желтоқсан ұлт-азаттық көтерілісіне 26 жыл толады.Тәуелсіз Қазақстанның да тарихына бұл күн қасіретті дата ретінде енді. Заңды талап көтеріп, жалақыны жоғарылатуды сұраған Жаңаөзен қаласының ондаған бейбіт тұрғыны мен мұнайшыларына авторитарлы билік оқ атты. Қанды қырғыннан кейін Жаңаөзен мұнайшылары сотталып, жаппай қуғын-сүргінге ұшырады!

Бұл күн біздің есімізде мәңгі сақталады! Біз бұл қасіретті ешқашан ұмытпаймыз!

Біз Алматы қаласының тұрғындары мен еліміздің болашағына бей-жай қармайтын барлық азаматтарды осы күні Желтоқсан мен Жаңаөзен қаһармандарын еске алып, гүл қою рәсіміне қатысуға шақырамыз!
Уақыты: 16 желтоқсан, сағат 11:00-де.
Өтетін орны: Желтоқсан-Сәтпаев қиылысы, Желтоқсан құрбандарына арналған ескерткіш
.

Шараның өтілуіне Алматы қаласының әкімдігі ресми РҰҚСАТ БЕРГЕНІН хабарлаймыз.

 
0
0
632

Осы тақырып бойынша