Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Железин ауданында «Волонтер жылы» аясында жастар форумы өтті

Железин ауданында «Волонтер жылы» аясында жастар форумы өтті.°

Барлық қауіпсіздік ережелері мен санитарлық талаптарды сақтай отырып, шығармашылық және жастар орталығында «Волонтер жылы» аясында жастар форумы өтті. ⠀

⠀Форум бірнеше диалог алаңдарына бөлінді, олардың барысында келесі тақырыптар ұсынылды: ⠀

- Тұрғын үй бағдарламалары; ⠀

- Кәсіпкерлік; ⠀

- Құқық бұзушылық. ⠀

Кәсіпкерлік жобаларды насихаттау, жастарды кәсіпкерлік қызметке тарту және ақпараттық деңгейін арттыру мақсатында «Атамекен» ҰКП бизнес – тренері Дәурен Саматұлы Мұқашев кәсіпкерлік тақырыбында диалог алаңын өткізді. Сонымен қатар жастарға арналған бағдарламаларды талқылау ұйымдастырылды: Бастау бизнес, Жас кәсіпкер, Жас халық және т.б.⠀

-​ ​ ​ Естеріңізге сала кетейік, «Бастау Бизнес» – Нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту бағдарламасы кәсіпкерлік дағдыларды оқытуға бағытталған. Жобаға ауданның жұмыссыз тұрғындары, сондай-ақ кәсіпкерлік әлеуеті бар өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар қатыса алады. ⠀

-​ ​ ​ «Жас кәсіпкер» - бұл жастар кәсіпкерлігін қолдауға және дамытуға бағытталған білім беру жобасы. ⠀

-​ ​ ​ «Жас халық» - өңірдің жас кәсіпкерлерін қолдау үшін кепілсіз кредит берудің арнайы бағдарламасы. ⠀

Тұрғын үй сауаттылығын қалыптастыру, тұрғын үй жағдайлары саласында мемлекеттік бағдарламалар мен жаңа іске асырылатын жобаларды ілгерілету мақсатында Павлодар қаласының жастарға қызмет көрсету орталығының жастар мен жас отбасылардың тұрғын үй мәселелерін шешуге жәрдемдесу жөніндегі инспекторы Диана Бекжанқызы Шомбаева сөз сөйледі. 7-20-25, Нұрлы жер, Бақытты Отбасы бағдарламалары айтылып, бюджет қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілер үшін тұрғын үй кезегінің мәселелері қаралды. ⠀

⠀Құқық бұзушылық тақырыбында диалог алаңын Железин аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Абылкасов Айдарбек Мерғалиұлы өткізді. Диалог алаңының мақсаты құқықтық білімді насихаттау, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, заңды бұзғаны үшін жауапкершілік түрлерімен таныстыру болды. °

#NurOtan

0
0
198

Осы тақырып бойынша

Железин ауданында «Волонтер жылы» аясында жастар форумы өтті - Yvision.kz