Желаев ауылының тұрғындарымен кездесті.
Басқосуда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» менеджері Минара Елгес «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында шағын несиеге қол жеткізудің басты шарттарын баяндады. «Кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін тұрғындар екінші деңгейлі банктен шағын несие алуына болады. Бағдарлама талаптары жөнінде ақпарат алу үшін біздің филиал мамандарына жолыға алады. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы ауқымында өнідіріс саласы бойынша кәсіпкерлерге 20 миллион теңгеге дейін несие қаражаты беріледі. Бағдарламаның басты талабы – берілген қаражатты толық игеру», – деген Минара Елгес бизнес жоспарын дайындау, субсиди беру тәртібі, несиені төлеу мерзімі туралы айтты. Ауыл тұрғындары Луна Нұржанова мен Айкөркем Ихсанова менеджерге сұрақ қойып, кәсіп бастауға қатысты кеңес алды. Желаев ауылдық округінің әкімі Арман Бисембалиев бағдарлама игілігін көріп отырған шағын және орта бизнес иелері жайында баяндады.
