Жекпе-жек: кредит құмарлығы
Бұл - білектілердің емес, біліктілердің айқасы. Шындық сөз бен дәлелді деректердің айнасы. Алғашқы сөз тартысқа сеп болған қазақстандықтардың кредит алуға деген құмарлықтары.

Қазақстанда 6,5 миллионнан аса кредит алушы тіркелген. Олардың 75 000-ға жуығы ғана – заңды тұлғалар, қалған 6 476 464-і – жеке азаматтар. Кредитке деген құмарлықтың қарқын алуы білместіктен бе, әлде онсыз өмір сүре алмайтындай тәуелділіктен бе?
Жекпе-жекке шығатындар – экономика ғылымдарының кандидаты Сапарбай Жобаев пен «Қазақстан Республикасының халал индустриясы» қауымдастығының төрағасы Марат Сәрсенбаев.
Бүгін, 19.10-да
