Жеке мектеп құрылысы бойынша инвесторлық жоба «PBI» бақылауда
«Ақжайық- адалдық алаңы» жанындағы «Protecting Business and Investments» (бұдан әрі- «PBI») жобалық офисінің жұмыс аптасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа келісімге қол қоюдан басталды.
2020 жылдың 10 наурыз күні «PBI» жобалау кеңсесі мен «Х. Капанов атындағы Орал Халықаралық гимназиясы» ЖШС арасында құны 500 млн. теңге тұратын жеке мектеп құрылысы бойынша инвестициялық жобаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдау туралы келісімге қол қойылды.
«PBI» жобасы қолайлы инвестициялық ахуал жасау және бизнес пен инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру мақсатында әзірленді. Жобаның негізгі бағыттары-құқықтық қорғау, бизнес-үрдістерді оңтайландыру, реттеушілікке ықпал ету, қоғамдық бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылық.
Бағдарламаға қатысу үшін тек қана инвестициялық жобадағы сыбайлас жемқорлықтан жүз пайыздық бас тарту және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар, инвесторларды «PBI» жобалық кеңсесімен өзара іс-қимыл жасауға шақырамыз.
Бүгінде облыс бойынша инвесторлармен жалпы сомасы 848 млрд. теңгеден асатын 18 келісімге қол қойылды.
Азаматтар сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің «1424» Call орталығына хабарлай алады. Call орталық 24/7 режимінде қызмет жасайды.
