Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

Жеке көмекшінің қызметін ұсыну мәселелері

«Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» 2015 жылғы 22 қаңтардағы №26 бұйрығына сәйкес (03.03.2021 жылғы өзгерістер мен толықтырулар) оңалтудың жеке бағдарламаларына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекші қызметі көрсетіледі.

Жеке көмекші – шарт талаптарымен мүгедекпен бірге оның тұратын жерінен баратын пунктіне дейін және қайтарда: жұмысқа, оқу орындарына, сондай-ақ мүгедек жергілікті өкілді және атқарушы органдарға, сотқа, прокуратураға, әлеуметтік сала объектілеріне, заң консультацияларына, нотариусқа, мәдени-ойын-сауық іс-шараларына, спорт ғимараттарына, сауда объектілеріне, медициналық мекемелерге, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарына және оқуына, жұмысқа орналасуына, өзінің құқықтары мен мүдделерін қорғауына және іске асыруына, ақпарат алуына, қажетті құжаттарды ресімдеуіне байланысты мәселелерді шешуі үшін өзге де ұйымдарға барған кезде ілесіп жүру бойынша әлеуметтік қызметтерді көрсететін маман.

Жеке көмекшінің қызметтерін ұсынуды жергілікті атқарушы органдар медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсеткіштерді ескере отырып, медициналық ұйымның қорытындысы негізінде әзірленген өтініштің және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының негізінде жүзеге асырады. Мұндай көмекшілер оларға жылына 60 сағат бере алады.

Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін ұсынуға медициналық көрсетілімдер:

1) толық соқырлық;

2) түзетумен екі көзінің де 0,03-ке дейін көру жітілігі;

3) елеулі немесе айқын түрде білінетін вестибулярлық мишықтың бұзылуы;

4) елеулі немесе айқын түрде білінетін гиперкинетикалық амиостатикалық синдром;

5) паркинсонизм (елеулі немесе айқын түрде білінетін акинетикалық-регидтік түрі);

6) елеулі немесе айқын түрде білінетін: ауру немесе жарақаттар салдарынан туындаған гемипарез, төменгі парапарез, трипарез;

7) гемиплегия, триплегия, параплегия;

8) елеулі немесе айқын түрде білінетін қанайналымы және тыныс функцияларының бұзылуы (III кезеңдегі қанайналым жеткіліксіздігі, IV функционалдық сыныпты стенокардияға сәйкес қан тамыр жеткіліксіздігі, ІІ-ІІІ және III кезеңдегі өкпе-жүрек жеткіліксіздігімен қосарланған III дәрежелі тыныс жеткіліксіздігі және т.б.);

9) елеулі немесе айқын түрде білінетін несеп шығару жүйесі қызметінің бұзылуы (ІІІ-ІV дәрежедегі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі);

10) буын функцияларының ІІІ-ІV дәрежеде бұзылуымен қатар ағзаның статикалық-динамикалық функцияларының елеулі немесе айқын түрде білініп бұзылуы;

11) қолдардың екеуінің де протездеуге жарамсыз және жүріп-тұру құралдарының қолданылуын қиындататын ампутациялық тұқылдары;

12) қолдардың екеуінде де протездеуге жарамсыз және жүріп-тұру құралдарының қолданылуын қиындататын туа біткен ауытқулардың болуы;

13) екі санның протездеуге жарамсыз ампутациялық тұқылдары;

14) протездеуге жарамсыз жүріп-тұру құралдарын пайдалануды қиындататын, қолдардың білінетін функционалдық бұзушылықтары бар балтырлардың ампутациялық тұқылдары;

15) жүріп-тұрудың III дәрежеде бұзылуымен қоса, аяқтардың дамуындағы туа біткен ауытқулар;

16) қолдардың жүріп-тұру құралдарының қолданылуын қиындатып айқын білінетін функционалдық бұзылушылықтарымен қосарланған буындар функцияларының ІІІ-IV дәрежеде бұзылуымен қоса жамбастың және тізе буындарының екеуінің де функционалдық тұрғыдан қолайсыз қалыптағы анкилоздары;

17) қолдардың жүріп-тұру құралдарының қолданылуын қиындатып айқын білінетін функционалдық бұзылушылықтарымен қосарланған буындар функцияларының ІІІ-ІV дәрежеде бұзылуымен қоса, жамбастың және тізе буындарының екеуінің де елеулі немесе айқын білінетін контрактуралары медициналық көрсетілімдер болып табылады.

Мамандандырылған медициналық ұйымдарда емделуді талап ететін мынадай аурулар:

1) бактерия тарататын туберкулез (БК+);

2) жұқпалы тері және шаш аурулары;

3) жыныс аурулары;

4) неврозды, невроз тәріздес жай-күйлерді, жеңіл дәрежедегі есуастықты, ұстамалары сирек (2-3 айда бір реттен аспайтын) түрлі этиологиядағы тырыспа синдромдарын қоспағанда, жарыместіксіз және жеке тұлғаның білініп бұзылуынсыз орны алатын психикалық бұзушылықтар жеке көмекшінің әлеуметтік қызметін ұсынуға медициналық қарсы көрсетілімдер болып табылады.

Сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз етуге ОЖБ-ның әлеуметтік бөлігін әзірлеу (түзету) үшін мынадай құжаттар қажет: 1) медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдама (031/у нысаны) жеке көмекшінің қызметіне ұсыныммен (мүгедектің тіркелген жері бойынша медициналық ұйым толтырады); 2) салыстырып тексеру үшін куәландырылатын адамның жеке куәлігі.

***

В соответствии с Приказом от 22 января 2015 года № 26 «О некоторых вопросах реабилитации инвалидов» (с изменениями и дополнениями от 03.03.2021 г.) для инвалидов первой группы, имеющих затруднение в передвижении предоставляются услуги индивидуального помощника.

Индивидуальный помощник – специалист, оказывающий социальные услуги по сопровождению инвалида от места проживания до пункта назначения и обратно: на работу, в учебные заведения, а также при посещении инвалидом местных представительных и исполнительных органов, суда, прокуратуры, объектов социальной сферы, юридических консультаций, нотариуса, культурно-зрелищных мероприятий, спортивных сооружений, объектов торговли, медицинских учреждений, предприятий бытового обслуживания и иных организаций для решения вопросов, связанных с обучением, трудоустройством, защитой и реализацией своих прав и интересов, получением информации, оформлением необходимых документов, на условиях договора.

Предоставление услуг индивидуального помощника осуществляется местными исполнительными органами на основании заявления и индивидуальной программы реабилитации инвалида, разработанной на основании заключения медицинской организации, с учетом медицинских показаний и противопоказаний. Таких помощников им могут предоставлять 60 часов в год.

Медицинскими показаниями к предоставлению социальных услуг индивидуального помощника являются:

1) абсолютная слепота;

2) острота зрения на оба глаза до 0,03 с коррекцией;

3) значительно или резко выраженные вестибулярно-мозжечковые нарушения;

4) значительно или резко выраженный гиперкинетический амиостатический синдром;

5) паркинсонизм (значительно или резко выраженная акинетико-регидная форма);

6) значительно или резко выраженные: гемипарез, нижний парапарез, трипарез, обусловленные заболеваниями или последствиями травм;

7) гемиплегия, триплегия, параплегия;

8) значительно или резко выраженные нарушения функций кровообращения и дыхания (недостаточность кровообращения III стадии, коронарной недостаточности соответственно стенокардии IV-гo функционального класса, дыхательной недостаточности III степени в сочетании с легочно-сердечной недостаточностью II-III и III стадий и другие);

9) значительно или резко выраженные нарушения функции мочевыделительной системы (хроническая почечная недостаточность III-IV степени);

10) значительно или резко выраженные нарушения стато-динамических функций организма с нарушением функции суставов III-IV степени;

11) ампутационные культи обеих верхних конечностей, не подлежащие протезированию и затрудняющие пользование средствами передвижения;

12) врожденные аномалии развития обеих верхних конечностей, не подлежащие протезированию и затрудняющие пользование средствами передвижения;

13) ампутационные культи обеих бедер, не подлежащие протезированию;

14) ампутационные культи обеих голеней, не подлежащие протезированию с выраженными функциональными нарушениями верхних конечностей, затрудняющим пользование средствами передвижения;

15) врожденные аномалии развития нижних конечностей с нарушением передвижения III третьей степени;

16) анкилозы в функционально невыгодном положении обеих тазобедренных или коленных суставов с нарушением функций суставов III-IV степени в сочетании с выраженными функциональными нарушениями верхних конечностей, затрудняющими пользование средствами передвижения;

17) значительно или резко выраженные контрактуры обеих тазобедренных или коленных суставов с нарушением функций суставов III-IV степени в сочетании с выраженными функциональными нарушениями верхних конечностей, затрудняющими пользование средствами передвижения.

Медицинскими противопоказаниями к предоставлению инвалидам социальных услуг индивидуального помощника являются следующие заболевания, требующие лечения в специализированных медицинских организациях:

1) туберкулез с бактериовыделением (БК+);

2) инфекционные заболевания кожи и волос;

3) венерические болезни;

4)психические расстройства, за исключением неврозов, неврозоподобных состояний, легкой степени дебильности, судорожных синдромов различной этиологии с редкими (не более одного раза в 2-3 месяца) припадками, без слабоумия и выраженных изменений личности.

Для разработки (коррекции) социальной части ИПР на обеспечение сурдотехническими средствами необходимы следующие документы: 1) направление на медико-социальную экспертизу (форма 031/у) с рекомендацией на услуги индивидуального помощника (заполняет медицинская организация по месту прикрепления инвалида), 2) удостоверение личности освидетельствуемого лица для сверки.

0
0
334

Осы тақырып бойынша