Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Жедел желі" акция шеңберінде 76-11-95 телефон нөмірі арқылы хабарласқан қала тұрғындары

"Nur Otan" партиясы жанындағы Қоғамдық қабылдауда тұрғындардың өтініштері мен тілектерін қабылдайтын жедел желі бар. Бүгін "Жедел желі" акция шеңберінде 76-11-95 телефон нөмірі арқылы хабарласқан қала тұрғындарына Жезқазған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Арман Кенжебек жауап берді.

Еліміздің көшбасшы партиясына көмек сұрай хабарласқан тұрғындардың басым көпшілігі коммуналдық салаға қатысты мәселелерді қозғады. Бірі үйінде жылудың аздығына шағым айтса, енді бірі ПИК өз міндетін тиісінше орындамайтынын жеткізді. Айтылған мәселелер жауапты мекеме мен кәсіпорын басшыларына жолданатынын айтқан кандидат тұрғындарға міндетті түрде жауап берілетініне сендірді.

Жезқазған қаласының тұрғындары 76-11-95 нөміріндегі жедел желіге хабарласып, толғандырған сұрақтарына жауап алып, өтініштерін білдіре алады. "Nur Otan" партиясы ел Президентінің "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидатын қолдай отырып, азаматтар үшін ашық әрі жақын.

Құрметті сайлаушы, елдің болашағы үшін "Nur Otan" партиясына дауыс бер! Біз бірге қиындықты еңсеріп, жеңіске жетеміз!!!

@nur_otan @baibekbk @arman_kyrykbayev @jas_otan @elnurbeisenbai

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
107

Осы тақырып бойынша

"Жедел желі" акция шеңберінде 76-11-95 телефон нөмірі арқылы хабарласқан қала тұрғындары - Yvision.kz