Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жеңіс есімдері!

Авалов Акрам.1924 жылы 1 маусымда Тиірмен ауылында дүниеге келген. 1942 жылы 2 маусым күні әскер қатарына алынып, Ресейдің Туцкии әскер лагерінде мотоатқыштар полкінде қосымша жауынгерлік қызметін атқарған. 1945 жылы 5 қаңтар күні алғаш рет Шығыс Пруссия майданындағы кескілескен шайқасқа қатысады. Бұл шайқаста екі жақтан да әскерлер шығынға ұшырап, көмекке келген минометті батальонның атқылауынан немістер шегінуге мәжбүр болып, кеңес әскерлері жеңіске жетеді. Сол шайқаста Акрам Авалов аяғына оқ тиіп жараланып, Прибалтикадағы әскери емханасына жіберіледі. Онда екі ай жатып Смоленскідегі әскери емханасына ауыстырылады. Сонда жеңіс күнін қарсы алып, 1946 жылдың 2 ақпанына дейін әскери қызметін жалғастырады. Ардагер соғыс кезінде және соғыстан кейін ерен еңбегімен мынадай наградалар мен шендерге ие болды: 1.Орден Отечест. войны 2 ст. 2.Ветеран труда 3.Медаль за победу над Германией в ВОВ 4.20 лет Победы в ВОВ 1941-1945 гг. 5.30 лет Победы в ВОВ 1941-1945 гг. 6.40 лет Победы в ВОВ 1941-1945 гг. 7.50 лет Победы в ВОВ 1941-1945 гг. 8.50 лет Вооруженнам силам СССР 9.60 лет Победы в ВОВ 1941-1945 гг. 10. «Астана 10 жыл» медалдарымен марапатталды. Шаруа отбасында дүниеге келген Акрам Авалов туған еліне қайтып келген соң ұжымшарда еңбек етіп, отбасын құрып 10 баланы тәрбиелеп өсірді. Қазіргі таңда ардагер 97жаста. Тиірмен бастауыш партия ұйымы төрағасының бастамасымен «Ардагерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында ардагерімізбен үнемі кездесулер өткізіп, жастармен бірлікте үй шаруасына көмектесіп, әлеуметтік және медициналық көмек көрсетілуі қамтамасыз етілуде. Атамыздың ендігі арманы бұдан былай ешқашан соғыс болмасын деп тілейді. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың қазіргі ұстап отырған саясатына дән риза.

0
0
269

Осы тақырып бойынша

Жеңіс есімдері! - Yvision.kz