Жеңіс есімдері.
Кибиров Алым Ұйғыр ауданы Кіші-Ақсу ауылында 1924 жылы 1 қаңтар күні дүниеге келген.
1942 жылы 23 ақпанда Жаркент военкаматынан әскер қатарына алынды. 1943 жылы Беларусия майданында болып жатқан соғысқа қатысты.
Белгород- қаласын азат етіп жатқан кезде жараланып, госпитальда жатып, военный комиссиядан екі рет соғысқа қайта барды.
1943-1944 жылдар арасында Украина майданында болып жатқан соғысқа қатысып, бірнеше қалаларды азат етуге қатысты.
1943-1944 жылдар аралығында Львов қаласының майданында ауыр жарақат алды.
1944 жылы наурыз айында өзінің туған жеріне қайтып келді.
1945 жылдан 1990 жылға дейін әр түрлі жұмыстар атқарды.
Соғыс жылдары «Ұлы Отан Соғысының І-дәрежелі ордені» мен Украинаның Львов қаласын азат етті деген медальмен және басқа да көптеген құрметті медальдармен және алғыс хаттарымен марапатталды.
