Жеңіс есімдері .
Кадиров Надир 1934 жылы 23-маусым айында Алматы облысы, Ұйғыр ауданына қарасты Кіші Ақсу ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы кезінде тылда еңбекеткен. 1953 жылы Үлкен-Ақсу орта мектебін ойдағыдай бітіріп 1954 жылы қазан айында Кеңес армиясы қатарына алынып, 1956 жылы қазан айынан бастап әскери қызметтен Венгер Халық Республикасына алып кетті. 1956 жылы қазан айында Венгерлер Кеңес үкіметінің тәртібіне қарсы шығып 1957 жылдың желтоқсан айына дейін Венгерлер соғысын басып бейбітшілік орнатылды. Әскери шені Кеңес армиясының сержанты. 1қаңтар 1958 жылы Кеңес армиясының қатарынан босап туған ауылына оралды. Венгер төңкерісіне қатысқаны үшін қатысқаны үшін СССР Жоғары кеңесінің «Құрмет грамотасымен» және Интернацианалист медалімен марапатталды. 1967 жыл 05 мамыр айында «Чарын» жүзім совхозына директор болып тағайындалып, 31 наурыз 1995 жылға дейін зейнеткерлік жасқа жеткенше Шырын ауылының экономикасын және жұмысшылардың әл-ауқатының дамуына үлкен үлес қосқан азамат.
