Жеңіс есімдері
Ұлы Отан соғысының ардагері, еңбек ардагері, 2005 жылдан Қарасай ауданының құрметті азаматы. 1921 жылы 1 қаңтарда Қарасай ауданының Райымбек ауылында бұрынғы (ВОГПУ) дүниеге келген. 1928-1935 жылдар аралығында Отар бекетіндегі жеті жылдық мектепте оқып, 1936—1940 жылдар аралығында Тургень кентіндегі КАЗПИ –дің педагогика рабфагында оқыды. 1940 жылдың қаңтар айынан Қаскелең қаласындағы Ленин атындағы жетіжылдық мектепте мұғалым болып жұмыс істеп, 1942 жылдың қазан айында 1 Май ауылындағы бастауыш мектепке аыстырылады. 1942 жылдың қазан айынан 1945 жылдың Жеңіс күніне дейін 326 гвардиялық миномет полкімен Кенисбургке дейін жетеді. Наградалары: орден «Отечественной войны ІІ степени», Медаль «маршала Жукова», медаль «за победу гад Германией» мерейтойлық медальдармен марапатталған.
1946 жылдың тамыз айында Отанына қайтып, Қарасай ауданындағы Жаңатұрмыс ауылындағы бастауыш мектептің меңгерушісі болып жұмыс істейді. 1947 жылдың қыркүйек айынан 1949 жылдың қыркүйек айына дейін Алматы шет тілдер институтында оқып, 1949 жылдың қыркүйек айында Шамалған бекетіндегі «ХХХ лет ВЛКСМ » жетіжылдық мектебінде ағылшын тілінен сабақ береді. 1950 жылдың қыркүйек айында Қырғауылды (бұрынғы Учхоз Ақсай) ауылындағы Ушинский атындағы жеті жылдық мектепке ауыстырылып, 1953 жылдан мектептің директоры қызметіне ауыстырылады. 1983 жылдың шілде айында зейнетке шыққан. Наградалары: «Еңбек ардагері» 1977 жыл, медаль «За доблестный труд» 1979 ж, «Еңбек ардагері» медалі 1981 жыл. Әйелі Гүлсім Садыққызымен 7 бала, 10 немере тәрбиелеген. 1950 жылдан бүгінге дейін Қырғауылды ауылында тұрады. ұлы Керимтаев Нурбек Исаұлы мен 1949 жылғы келіні Керимтаева Светлана Орымбасарқызымен бірге тұрады.
#ардагерлердіардақтайық
#ардагерлердіардақтайыққарасайауданы
#жеңісесімдері
