Жеңіс есімдері
Мен, Идрисов Чайке Алматы облысы, Қарасай ауданы Еңбекші ауылында 1925 жылы 5 мамырда дүниеге келдім. Қазіргі таңда Еңбекші ауылында тұрамын. 1942 жылы қараша айында Шамалған ауылында оқыдым. Осы жылдың қыркүйек айында 19 жасар әпкемді соғысқа шақыртады. Ол Сталинград қаласында аяғы жараланып, елге қайтып оралады. Жағдайымыз нашарлай бастады. Соның себебінен мен соғысқа аттанамын деп шешім қабылдадым. Военком жасың кіші екен деп қайтарып жіберді. Содан мен 1942 жылы наурыз айында комсомолға өттім. 1943 жылы наурыздың 6 күні военкоматтан повестка келіп , әскерге алып кетті. Петропавл қаласында 3 ай әскери дайындық болды. Содан пойызбен Могелев, Гоголь, Житомирь қалаларына жіберілдік. Командующий Голосовскийға бардым. Ең алғаш жарақатты 1943 жылы қазан айында под Минском алдым, сөйтіп ауруханаға түстім. «Удмурский АССР станция Кизнер» ауруханасында жаттым. 1944 жылы наурыз айында толықтай жазылып шықтым.1944 жылы мамыр айында Брянск қаласына барып орналастық.1944 жылы Литваға бардық. 1945 жылы қаңтар айында Шығыс Прусияны және бірнеше ауылдарды алдық.1945 жылы ақпан айында «Қызыл жұлдыз орден» марапаттады. Сәуірдің 10 күні Кицберг қаласын, қазіргі (Каленград қаласы) алдық. 23 сәуірде остров Пидауды алдық. Пидаудың ішіне кірдім, кабель жалғап біткен соң қайта бергенімде снаряд тастады. Ол жарылып, жақ бетімнен ауыр жарақат алдым. Ауруханада 5 ай жаттым. Балтық теңізі жағасында әскери қалашыққа бардым. Ол жерде 1 жыл тұрып, Каленградқа бардым. Сол жерде 2 жыл тұрып, үйге қайттым.
1948 жылы 9 наурыз Еңбекшіге келдім. 1950 жылы көктемде басқарма ауысып, Тоғаев деген басқарма келді. 1951 жылы көктемде бізді 1 май совхозына қосып жіберді. 1956 жылы «Заселенияға» - деп медаль алдым. 1957 жылы жаз айларында Мыңбай совхозы келіп институт саламыз деді. 1958 жылы ауылымызға Биокомбинат совхозы орналасты. 1961 жылы үйлер салынып, ауыл көркейе бастады. 1963 жылы грамота, сыйлықтар алдым. 1978 жылы Мәскеуден корреспондент келді, «Труд» журналына Еңбек батыры деп атым шықты. 23 партияға мектеп салдық. Сосын маған Еңбек Қызыл Ордені берілді. «Еңбек Батыры» деп қазақ қыздар журналына шықтым, кейін Еңбек Батыры деп медаль алдым. 1985 жылы мамыр айында зейнетке шықтым. 6 трестен адамдар келіп, маған 60 жылдық медаль тақты. 1952 жылы үйленіп, 5 балам бар. Осы уақытта балаларымның, немерелерімнің, шөберелерімнің қызығын көріп отырмын. 2008 жылы жолдасымнан айырылып, жалғыз қалдым. Қазір инвалид, 2 таяқпен сүйеніп жүремін.
#ардагерлердіардақтайық
#ардагерлердіардақтайыққарасайауданы
#жеңісесімдері
