Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жеңге.

- Ендігі жағдай не болмақ?

- Барлығы жақсы жағына қарай өзгеретін секілді, білесің бе?..

Мереке қашан да болашақ жеңгесін көп ойлайтын.

«Шіркін-ааай, анама жақсы келін жолықса екен, я, Аллам, парасаты жарасқан жан болса екен...»,- деп той болатын күнге дейін тілеп келді.

Қазақтың байырғы салты ғой. Тұңғыш ұлдың баласы – о бастан ата-әженің жеке меншік баласы боп саналады. Берік те бір үлкен әулеттің кенже баласы атанып кеткен. Өсті, жетілді, отау құрып, бір үйдің әппақ қызына үйленді.

Әуелетіп дүбірлетіп әппақ келінді де күтіп алды..

- Қош келдіңіз, жеңеше! Менің есімі Мереке, сіздің туған қайын сіңліңіз боламын, - деді ол жарқын дауысымен.

Үнсіздік...

Жаңа түскен келін бастыртып не айтар еді дейсің. Тек қана жып-жылы алақандарымен Мерекенің суық күнде әбден тоңған қолдарын ұстап жылыта бастады. Сөйтті де, әлсін-әлсін дауысын шығарып:

- Тоңып қалған екенсіз ғой.., - деді.

Жаратқан, сене алар емеспін, дұғамды қабылдағаның ба.. Жеңгемнен есітіп тұрған алғашқы сөзім мұншалық мейірге толы болғаны ма.. Эх, осылай болып қала берсе екен, шіркін...

Онда тұрған не бар, неге мұнша аспандатып жіберді екен дейсіз ғой. Аспандататындай-ақ бар тақырып. Бір құрсақтан шыққан бауырлардың арасын жалғайтын қашан да - Ана бола бермейді, білесіз бе...

Кейбір жағдайларда сол бір жұп-жұқа көрінбес жіптің үзілмеуі – Әйелдің қолында болады. Өмір ғой.

Қазақтың Отбасы деген ұғымының өзі бір алып институт қой, шіркін. Сол жүйеде Әйел адамының ойнайтын рөлі басым.

Үлкен қалаға сол баяғы оқу, сол баяғы жұмысқа қайтатын кез келді.

- Жеңеше, айтпасам да жағдайды білетін шығарсыз, ендігі қарым-қатынастың жақсы-жаман болуы – Сіздің қолыңызда...,- деп Мереке жеңгесіне ұзақ қарады.

- Иә, бикеш, білемін ғой, - деді де қос жанарын қатты қысып ымдап баяғы жылы алақандарымен Мерекенің қашан да мұздап жүретін қолдарын жылытты.

Жол. Алда мызғымас күйбең тіршіліктің айдыны қайта баурап, шарпитын күндер. Оны қойшы, бастысы көңіл тыныш.

- Бәрі жақсы боп кететін сияқты!.. :)

Арайлым АМАН

2
0
1214

Осы тақырып бойынша

Жеңге. - Yvision.kz