Жазушы Дулат Исабековпен кездесу өтеді
8 желтоқсан күні «Рух пен тіл» жастар ұйымы жазушы, қоғам қайраткері Дулат Исабековпен кездесу өткізеді.
Қаламгердің бүгінгі шығармашылығы, қоғам мен мемлекет жөніндегі ойлары, ұлттық мүдде мәселесіндегі қазақ зиялыларының ролі және т.б. өзекті мәселелер жастардың осы жиынында айтылмақ.
Сенбілік кездесуге келем деушілерге есігіміз ашық! Қазақ жастарын ұлт мәселесі төңірегінде үн қосуға, пікірлесуге ұсыныстарын айтуға, оны бірге жүзеге асыруға шақырамыз! Өйткені, ұлт мәселесі – барлығымызға ортақ!
Сонымен, кездесу Алматы қаласында, 8 желтоқсанда, сағат 15:00-де.
Мекен-жайы: Қастеев к-сі, 41 А (Қабанбай батыр к-нің қиылысы).
Байланыс тел.: 8 702 585 15 85, 8 771 454 33 67, 8 707 776 79 93
