ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

«Жайықжылуқуат» АҚ қызметкерлеріне онлайн семинар өткізілді

2021 жылдың 18 ақпан күні «ANTIKOR ORTALYGY» сервис орталығында БҚО бойынша Мемлекеттік басқару академиясының өкілі Л.Нарушеваның қатысуымен «Жайықжылуқуат» АҚ қызметкерлері үшін комплаенс қызметтерді дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ISO 37001» онлайн семинар өткізілді.

Е.Ерланұлы квазимемлекеттік сектор жүйесіне комплаенс жүйесін енгізудің мақсаты оның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің мінез-құлықтың жоғары стандарттарына бейілділігін қалыптастыру, ашық және адал қызмет жүргізу, іскерлік беделді нығайту және ұйымға деген сенімді арттыру екенін хабарлады.

Лаула Нарушева «Қазіргі уақытта еліміздің квазимемлекеттік және жеке сектор субъектілері бағдарлай алатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс саласындағы бақылау жүйесін ұйымдастыру бойынша көптеген халықаралық стандарттар, нұсқаулықтар мен әдістемелік ұсынымдар әзірленді. Алайда, көптеген сарапшылардың пікірінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің шынымен тиімді жүйесін құруға, ең алдымен, ISO 37001 халықаралық стандарты көмектеседі» - деп атап өтті.